"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ "АЭА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Б. М.КЕНБЕИЛОВТЫҢ "AKTAU CLEAN ENERGY" ЖШС БАСШЫСЫ С. Н. ПУСТОБАЕВПЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

"Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б. М.Кенбеиловтың АЭА қатысушысы, "Aktau Clean Energy" ЖШС басшысы С. Н. Пустобаевпен "Ақтау теңіз порты" АЭА 4-субаймағының аумағында көшпелі кездесуі өтті. Кездесу барысында қуаты 250 МВт бу-газ энергетикалық қондырғысын салу бойынша жобалау жұмыстарының кезеңдері талқыланды. Осыған дейін, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Орынбасаров АЭА қатысушысы, "Digital Sik Route" ЖШС басшысы А. С. Паукпен кездесті. Кездесу барысында "Каспий деректерді өңдеу орталығын құру (Дата-орталық)" жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Екі жобаның құрылтайшысы британдық Independent Power Corporation компаниясы болып табылады, жобалардың жалпы құны 253,0 млрд.теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапары барысында экономиканың шикізат емес секторын дамыту және АЭА-ның 2, 4, 5, 6 қосалқы аймақтарының құрылысын аяқтау тапсырылды. Іс-шара жақын арада бекітілетін өңірдің Кешенді даму жоспарына енгізілген.

Қанар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 177